Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Өкіл имам қажыларға ақ жол тіледі

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 29.07.2019 2844 0 пікір
Маңғыстау: Өкіл имам қажыларға ақ жол тіледі

Жыл санап қажылық сапарына ниет етушілердің саны артып келеді, бұл әрине қуантарлық жайт. Биыл Маңғыстау өңірінен 300- ге жуық адам алдағы аптада тікелей рейспен Ақтау – Жидда бағытымен ұлы сапарға аттанғалы отыр.

Осыған орай бүгін Маңғыстау облыстық орталық мешітінде өкіл имам С.Сейтбеков бір топ болашақ қажылармен жүздесті. Қасиетті сапарға ақ жол тілей отырып, қажылықта атқарылуы тиіс құлшылық түрлерімен таныстырды және еліміз үшін, күллі мұсылман үшін дұғада болуларын жеткізді.

Айта кетейік, болашақ қажылар мешіт жанынан ашылған қажылық курсын тәмамдаған болатын.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру