Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола облысы: Бүлдіршіндер арасында Құран жарысы өтті

nasihat.kz 29.07.2019 2990 0 пікір
Ақмола облысы: Бүлдіршіндер арасында Құран жарысы өтті

Ақмола облысы, Кенесары ауылында он бес жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында «Иманды ұрпақ — ұлт болашағы» атты Құранды жатқа және мәнерлеп оқу байқауы екінші жыл өтуде. Бұл байқауға Ербол есімді кәсіпкер азамат демеушілік етті. 
Ақмола облысының түпкір-түпкірінен барлығы елуге тарта жас бүлдіршін қатысып, Құран оқып, жатқа айтты. 
Байқау үздіктерін Науан хазірет мешітінің наиб имамдары Тәкен, Мырзабек және Түркістан қаласынан келген Дәуіт ұстаздар анықтады. Сайыста 150 мыңнан 50 мың теңге аралығында жүлделер табыс етілді. Жүлдегер шәкірттердің ұстаздары да сыйақыға ие болды. Барлық қатысушыларға ақшалай ынталандыру сыйақылары берілді.
Жүлдегерлерді марапаттаған облыс имамы Қуаныш Сәбит жыл өткен сайын өңірімізде жас қарилардың өсіп келе жатқанын айтты. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру