Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Батыр ауылының тұрғыны, сегіз баласы бар Ганибаева Мөлдір есімді көп балалы анаға «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында төрт бөлмелі үйдің кілті табысталды.
Игілікті шараны ұйымдастырушы Мұнайлы аудандық Миғраж мешітінің бас имамы Руслан Баймұқанов және «Үммет жастары» қоғамдық қайырымдылық қоры.
Көп балалы ананы жаңа қонысымен құттықтауға және пәтер кілтін табыстауға Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков және аудан әкімінің орынбасары Берік Біләлов арнайы келді.
Жылдар бойы пәтер тауқыметін көріп келген ана ұйымдастырушылар мен барлық демеушілерге алғысын білдірді. Қуанышқа ортақтасуға келген барлық ағайын дастархан басынан дәм татып, қонысына Алладан береке тілеп тарқасты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз хатшысы
29.07.2019
3454
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру