Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Мектеп оқушыларына арналған сауат ашу курсы

 Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 26.07.2019 3031 0 пікір
Қостанай: Мектеп оқушыларына арналған сауат ашу курсы

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде 2019 жылдың 24 маусымы мен 14 шілдесі аралығында мектеп оқушыларына арналған сауат ашу курсы ұйымдастырылды. Аталған шараға наиб имам Сейдағалиев Нұрлан және «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің тәжрибе демалысындағы шәкірттер жетекшілік етті.

Аталған сауат ашу курсы екі бағытта жұмыс істеді. Мәселен, алғашқысында жазғы лагерь, яғни балалар 20 күн бойы мешітте дәріс алса, ал екінші жартысында түске дейін ұйымдастырылған дәрістерден сауаттарын ашты. Діни сауат ашу курсына 8-15 жас аралығындағы 40 бала қабылданды.

Мешіт ұстаздарының мәжілісінде бекітілген оқу жоспарына сәйкес балалар «Құран әліппесі», «Имандылық әліппесі» және «Әдеп» сабақтарынан білім алып, таным көкжиектерін кеңейтті.

Аталған парасат ордасында шәкірттер тек білім алып қана қоймай, көңілді әрі бой сергітер ойындарға қатысып, өз араларында жарыстар өткізді. Сонымен қатар шаһардың көрнекті жерлерін аралап, оларға түрлі серуендер де ұйымдастырылды.

Әңгіме арқауына айналған шараның соңында балаларға сертификат табысталды. Діни білім нәрімен сусындаған балалар соңында «Дильшод» асханасы ұйымдастырған қайырымдылық дастарханында қонақ болды.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру