Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Сансызбай Құрбанұлы Жаңақорған жамағатымен жүздесті

Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 25.07.2019 3145 0 пікір
Қызылорда: Сансызбай Құрбанұлы Жаңақорған жамағатымен жүздесті

ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Сансызбай Құрбанұлы Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған ауданында сапарда болды.

Сапар барысында Жаңақорған ауданына қарасты мешіт имамдарымен дөңгелек үстел өткізіп, имам келбеті, имамның қоғамдағы рөлі, ұлттық болмыс пен отбасы құндылықтарын насихаттау мәселелері бойынша дәріс берді.

Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды насихаттап, дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында ұйымдастырылған шара аясында, ҚМДБ бөлім меңгерушісі ауданға қарасты Түгіскен, Бесарық, Бірлік, Төменарық, Қожамберді, Сүттіқұдық ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, сұхбат жүргізді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру