Биылға қажылық парызын өтеуге ниет еткен жандарға ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі мен қалалық Қажылар қауымдастығы бірнеше рет семинар ұйымдастырды.
Семинар барысында қажылық парызын орындау үшін қасиетті жерлерде және Мекке, Мәдина қалаларында болған кезде басты назар аудару қажет нәрселерге тоқталды, сонымен қатар қажылыққа апарған туристік фирмалардағы тағайындалған уағызшы имамдардың уағызына ден қою, әртүрлі көзқарастағы адамдардың жетегіне ілесіп кетуден сақ болу сынды біршама ақыл-кеңестер беріліп, жеке басының дайындығын да есте ұстайтын дүниелер пысықталды. Әлбетте қасиетті парызын орындау барысында тұрақты айтылатын «Ләббайка» секілді дұғалар мен тілектерді толық әрі дұрыс жатқа білуі де қадағаланды.
Сондай-ақ қажылыққа ниет еушілерге өкілдік пен қажылар қауымдастығы бірлесіп «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде арнайы дастархан жайып, ата-бабалар рухына Құран бағышталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
25.07.2019
2778
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру