«Балықты» мешітінің бас имамы Есенгелді Сақтағанұлының бастамасымен Ұзынкөл ауданында балалардың жазғы демалыс кезінде діни сауат ашу курсы өтті.
Демалыста ұйымдастырылған шараның өзге демалыс орындарынан ерекшелігі - жеткіншектерге дініміздің қағидалары мен Құран әліппесін оқуды үйретуінде.
Балалар ғасырлар бойы халқымыздың көкірегіне ұялап, қанына сіңген Ислам дінінің имандылық қағидаларын үйренумен қатар ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік сияқты жақсы қасиеттерді де бойларына сіңірді.
«Бұл жазғы демалыс дәстүрге айналды. Дінді үйренген балалар келешекте жаман әдеттерден аулақ болады. Келген балаларға қазақтың салт-дәстүрін, ұлтымыздың тарихын үйретеміз. Ислам дінімен танысқысы келген әрбір оқушының үйренері мол»,- дейді Ұзынкөл аудандық«Балықты» мешітінің бас имамы Есенгелді Әжімахантегі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
25.07.2019
2929
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру