Семей әкімі Ермак Сәлімов қала тұрғындарын асар шақырды. Қалада 2700-3000 адамға есептелген мешіттің құрылысы 2008 жылы басталған еді. Жоспарға сәйкес, мешіт пайдалануға 2020 жылдың жазында берілуі тиіс. Осыған байланысты қала әкімі тұрғындарды мешіттің құрылысына атсалысуға шақырып отыр. Асар осы сенбі, яғни, 27 шілде сағат 15:00-ге жоспарланған.
– Мұндай игі іске кез келген адам өз үлесін қосуы керек деп санаймын. Біреулер қаржылай, ал енді біреулер еңбегімен өз пайдасын тигізсе нұр үстіне нұр болар еді. Бұл халық үшін салынып жатқан мешіт, сондықтан барша қала тұрғындарын асарға шақырамын, – дейді қала басшысы Е.Сәлімов.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
kazislam.kz
25.07.2019
2882
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру