Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде арнайы дәріс ұйымдастырылды

nurgasyr.kz 24.07.2019 3383 0 пікір
Ақтөбеде арнайы дәріс ұйымдастырылды

Жақында ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі Жастар ісі секторының ұйытқы болуымен «Нұр Ғасыр» орталық мешітінде діни сауат ашу курсының шәкірттері  үшін «Адалдан болсын асыңыз» тақырыбында арнайы дәріс ұйымдастырылды. Мешіттің ондық және ақсақалдар алқасының мүшесі Шалғынбай Жандосов «Нұр Ғасыр» шәкірттеріне дәріс барысында тақырыпқа сай, мазмұнды әңгіме өрбітті.

Бүгінде мұсылман мемлекеттеріне халал бағыты бойынша: «McDonald's», «Subway», «Nestle», «Papa John» тағам компаниялары – тағам өнімдерін, «Unilever», «Beiesdorf», «L"Oreal» сынды компаниялар – косметика өнімдерін ұсынып отыр. Ал Индонезияда тағам өнімдері мен тазалық бұйымдары сертификатталып, енді биыл дәрі-дәрмектерді толығымен халал негізге көшіріп отыр.

Мұсылмандықты салт-дәстүріне терең сіңірген Қазақстанда «ауру астан» дегендей, «халал индустриясын» дамыту мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр. Табиғи ет, сүт, бидай өнімдері бойынша жоғары сапалы өнім шығарылғанымен, сырттан келетін өнімдердің «халал маркировкасы» бір ізге түспеген. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық сараптама орталығының Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры, медицина ғылымының кандидаты Шалғынбай Өтегенұлы денсаулыққа зиянсыз заттар мен киімдер, алкоголь мен доңыз етінен ада, қоспасыз тағамдар жөнінде жан-жақты мәлімет берді. Өз кезегінде мешіт шәкірттері көкейдегі сауалдарын қойып, мазмұнды дәріс үшін ризалықтарын білдірді. 

Алдағы уақытта мешіттің зиялы жамағаты мен жастар арасында әртүрлі өзекті тақырыптағы дәрістер жиі ұйымдастырылып, жақсы жалғасын таппақшы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру