Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Жазғы діни сауат ашу курсы

Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 15.07.2019 3179 0 пікір
Қостанай: Жазғы діни сауат ашу курсы

Әр жыл сайын облыстық мешіттің сауат ашу курстарында жасөпірімдерге арналған жазғы сабақтар өткізіліп тұрады. Осы жылы да ықылас білдірген балалар мешітімізде маусым айының 10-30 аралығында 20 күндік сабаққа қатысты.

Дәстүрімізде және Ислам дінінде бала тәрбиесінің орны ерекше екендігі баршаға мәлім. Исламмен ұштасып жатқан дәстүріміз де баланың Жаратушыны тануына, ақ пен қараны айыруына, үлкендерге деген сый-құрметінің жоғары болуына айрықша мән береді.

Осы орайда қатысушыларға жапы қасиетті Құранның әліппесі, Пайғамбарлардың өмірбаяны, 100-сұрақ секілді ақпараттық дәрістер өткізілді.

Биылғы жылы барлығы 26 бала тәлім-тәрбме сабақтарына қатысқаны үшін арнайы сертификатқа ие болды.

Жалпы облысымыз бойынша сегіз мешітте жазғы діни сауат ашу курстары өткізілді. Ондағы басты мақсат - өскелең ұрпаққа дәстүрлі дініміздің тура жолын көрсету.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру