Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды: Бас имам бейімдеу орталығында сұхбат жүргізді

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі 10.07.2019 2499 0 пікір
Қарағанды: Бас имам бейімдеу орталығында сұхбат жүргізді

Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылған «Жусан» операциясының нәтижесінде туған елге оралған қандастарымыз бүгінде бейімдеу орталықтарында орналасып, мемлекет қамқорлығына алынып отыр. Қазақстанға қайтарылғандардың дені қазір шатасқан ойларынан қайтып, саналы қоғамға бейімделе бастады.

Сондай орынның бірі Қарағанды облысының «ШАНС» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталығы. Осы орталыққа орналасқан азаматшаларға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігі өз қамқорлығын көрсетумен қатар, діни білімін жетілдіру үшін облыстық мешіт ұстаздарымен байланыс орнатқан. ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы, облыстық «Әнет баба» мешітінің бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы аталмыш орталыққа барып, рухани дағдарысқа ұшыраған отбасы мүшелерімен діни түсінікті дұрыс қалыптастыру барысы жайлы тәлімдік сұхбат жүргізді.

Сұхбат барысында ел мен жерге деген құрмет, тәубе мен сабыр, дін және діл тазалығы жайында насихат айтылды. Сонымен қатар, мекеме басшыларының өтініштері бойынша орталықтың қажеттілігін өтеу үшін қаржылай қомақты көмек көрсетті. Бүгінде осы орталықта жеті отбасы уақытша тұрақтанған. Бас имам алдағы уақытта да осы орталықпен байланыс жасай отырып, мемлекет қамқорлығының аясында қосымша жәрдемдесіп отыратындығын жеткізді.        

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру