Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскеменде дінтанушылар мен теологтар форумы өтті

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 10.07.2019 2631 0 пікір
Өскеменде дінтанушылар мен теологтар форумы өтті

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігімен Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» ұйымдастыруымен «Халифа Алтай» мешітінде «Діни радикализмнен оңалтудың және қайта бейімдеудің теориялық және тәжірибелік аспектілері» атты дінтанушылар мен теологтардың республикалық форумы болып өтті.

Бұл іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы бойынша қала, аудан әкімдіктерінің дін саласы бойынша жауапты қызметкерлері, ҚАЖД инспектор психологтары, дін саласының мамандары мен дінтанушылар, теологтар жиналды.

Форум жұмысына Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин, Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасы басшысының орынбасары А.Исабаев, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Е.Қыдырмоллаев, Экстремизмнің алдына алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры А. Сабдин, Е.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің доценті Т.Жақиянов қатарлы білікті мамандар қатысты.

Жиында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Қабидолдин өңірдегі діни ахуал жайлы баяндап, «Жат ағымдармен күресті дәйекті жүргізу мақсатында өкілдіктен мемлекеттік мекемелермен бірлескен шаралар жоспарлап, іске асырып келеміз. Осыған дейін жат ағымның алдын алу бойынша ұйымдастырған әртүрлі кездесулеріміз бүгінгі таңда өз нәтижесін беріп отыр» дей келе, бүгінгі таңдағы жат ағыммен күресте имамдардың тарапынан атқарып жатқан істерге тоқталып,өз ойын ортаға салды.

Экстремизмнің алдына алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры А. Сабдин өз сөзінде экстремизмнің алдын алу, және оңалту бағытындағы іс-шараларды атқарудың тәжіибелік және теориялық қыры мен қарсы тұру жолдары туралы жан-жақты талдау жасады.

Форумға қатысушы дінтанушылар мен теологтар бүгінгі жиынның бұл саладағы тәжірибе мен теорияны ұштастыруда үшін аса маңызды шара болғандығын жеткізді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру