Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти Алматы жамағатымен жүздесіп, мешіттер құрылысымен танысты

azan.kz 24.06.2019 3248 0 пікір
Наиб мүфти Алматы жамағатымен жүздесіп, мешіттер құрылысымен танысты

Жұма күні ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан Есмахан Алматы жамағатымен жүздесіп, Жұма уағызын айтты.

Наиб мүфти жұма уағызында мұсылманның асыл сипаттарының бірі – сөзде тұру, уәдені орындау екенін айтты. «Уәде – Құдай сөзі» дегендей, адам бойынан табылуы керек ең жақсы қасиеттің бірі де осы уәдеге берік болу керектігін жеткізді.

Жұма намазы оқылып, Құран бағышталды. Алладан елімізге амандық, жұртымызға тыныштық, барлық шаңыраққа бірлік-береке тіледі.

Сонымен қатар наиб мүфти Алматы қаласы, Жетісу ауданындағы «Әмин» және Алатау ауданына қарасты «Алғабас» мешіттеріне арнайы ат басын бұрып, жүріп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, қала сәніне көрік қосатын, адамдар жиылып намазын оқитын құлшылық ордаларының болашақтағы сұлбасын көріп, оң бағасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру