Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: РАНТ өкілі Қызылжар өңірінде

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі 19.06.2019 3106 0 пікір
СҚО: РАНТ өкілі Қызылжар өңірінде

Еліміз бойынша Республикалық ақпарат насихат тобының жұмысы жалғасын табуда, кезекті сапармен ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары, РАНТ мүшесі Хасан Аманқұлов Петропавл қаласына келді.

Екі күнге созылған іс-сапар «Қызылжар» орталық мешітінің жамағатымен кездесуден басталды, жамағатқа уағыз-насихат айтылып, сұрақтарға жауап берілді. Жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат беріліп, күн тәртібінің соңында ЕС 164/1 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесті.

Іс-сапардың екінші күні ЕС 164/3 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен жеке және жалпы кездесулерден кейін Петропавл қалалық «Қызылжар» мешітінің жамағатыменен кездесу ұйымдастырылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру