Ресми сапар аясында ҚМДБ-ның төраға орынбасары, наиб мүфти Бауыржан қажы Әбдірашұлы Шымкент қаласына қарасты мешіттердің діни ахуалы мен қатар тыныс-тіршілігімен танысты.
Соның ішінде, жуырда ғана пайдалануға берілген Қаратау ауданына қарасты «Аңламас ата» мешіті мен Еңбекші ауданы «Абдулхамид Әл Мухсим» мешітінде болып, әрбір атқарылған жұмысына айрықша мән берді.
Осыдан кейін, Қаратау ауданы, Достық шағын ауданында жаңадан 1500 жамағатқа арналып салынып жатқан мешіттің құрылысымен танысты.
Сондай-ақ, наиб мүфти Б.Әбдірашұлы қаланың өкіл имамы Б.Бейсенбаев пен оның наиб имамдарына бірқатар нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, әрбір мешіт толық құжаттануы, мешіт аумағын жасыл желекке айналдыру, мешіт дәретханаларын ыстық сумен қамтамасыз етілу және алдағы уақыттарда мешіт салу кезінде сәулеті мен сапасына, сыйымдылығына айрықша мән беру т.б.
Осы тұста айта кету керек, Шымкент қаласы бойынша 105 мешіт ҚМДБ филиалы болып тіркелген. Бүгінде, қала аумағында жаңадан 8000 мың орынды бір мешіт, 1500 орынды 10 мешіттің құрылысы жүргізілуде.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
19.06.2019
3262
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру