Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Зекет" қоры: «Қолдан қолға» жобасы

"Зекет" қоры өкілдігінің баспасөз қызметі 18.06.2019 2666 0 пікір
"Зекет" қоры: «Қолдан қолға» жобасы

«Зекет» корпоративтік қайырымдылық қоры «Қолдан қолға» жобасы аясында мұқтаж жандарға 100 мың теңгеден зекет таратты.

«Зекет» қорының мұқтаждар базасына тіркелген жандар зекеттен өз үлестерін алды. Іс-шара барысында Зекет маманы бес парыздың бірі жайлы, зекетті жинап, оны таратудың қоғамдағы ролі мен маңыздылығы жайлы сөз қозғады.

Зекет – дінімізде намаздың сыңары. Оның адамдардың жанын тазартуда, мінез-құлықтарын жақсартуда ерекше бір әсері бар. Ол қоғамдағы түрлі дерттерге, қарым-қатынастардағы салқын қабақтылыққа қарсы таптырмас дауа. Ол үмбеттің ішкі байланыстарын нығайта түсетін берік жіптей жалғау. Зекет сонымен бірге жылылық пен мейірімнің, ынтымақ пен ақниеттіліктің, жандарды жадыратып, жүректерді біріктірудің, жасақтарды жарақтандырып, кіріптарлықты жоюдың және жалпы үмбеттің мүдделерін өтеудің бір көркем мысалы.

Зекетке қатысты толығырақ zeket.online, zeketastana.kz, fatua.kz сайттарынан біле аласыздар. сондай-ақ, 8 775 417 19 12, 8 708 723 74 09 телефон номерлері бойынша хабарласуға болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру