Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Орал» медресе колледжінің шәкірттері емтихан тапсырды

Орал медресесінің баспасөз қызметі 13.06.2019 812 0 пікір
«Орал» медресе колледжінің шәкірттері емтихан тапсырды

Биыл «Орал» медресесін 12 түлек тәмамдап жатыр. Олар кеше үш жыл бойы ұстаздарынан алған білімдерін таразылап, емтихан тапсырды. Үш пәннен, атап айтқанда, араб тілі, Құран және фиқһ сабақтарынан қойылған сұрақтарға жазбаша және ауызша жауап берді.

Емтихан комиссиясының құрамында ҚМДБ-ның мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаев, Ақтөбе медресе колледжінің директорының орынбасары Торбаев Жексенбай, Орал медресесінің директоры Еркебұлан Қарақұлов, Ринад Акимов болды. Олар шәкірттердің берген жауабын мұқият тыңдап, тиісті бағасын берді.

Түлектер аудан, ауыл мешіттеріндегі діни қызметке тартылады деп жоспарлануда. Ал екі шәкірт білімін одан әрі жетілдіру үшін «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетіне оқуға жолдануда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұсылман діни күнтізбесі