ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Орал» орталық мешітінде қала және аудан имамдары, жарты жылдық және өткен қасиетті рамазан айындағы атқарылған іс-шаралар туралы есеп беру жиналысы өтті.
Алдымен өңіріміздің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов имамдарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта кейбір кеткен кемшіліктердің орнын толтырып, атқарған істеріне жеке баға берілетіндігін жеткізді.
Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалұлы хазретіміздің тікелей тапсырмасы бойынша қалалық, аудандық, ауылдық жерлерде уағыз-насихат жұмыстарын жандандырып, жат ағымдардың алдын алуды, тұрмысы төмен отбасылары мен мектеп жасындағы балаларына жаңа оқу жылына қарсы демеушілер арқылы қайырымдылық іс-шаралар өткізуді тапсырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі
13.06.2019
3296
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру