Кеше «Тәжиден Батырұлы» мешітіне Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов келіп мешіт жамағатын Ораза айт мерекесімен құттықтады.
"Ораза айт – ұлт пен ұлысты ұйыстыратын рухани құндылықтардың бірі. Осы қасиетті күні көпшілік бір-біріне ақжарма тілек арнап, өткен реніштерін кешіреді. Ендеше, баршаңыздың ұстаған оразаларыңызды, тілеген дұғаларыңыз бен жасаған ғибадаттарыңыз қабыл болсын, - деді бас имам Мейрамбек Абдрахманов.
Айт намазынан кейін мешіт ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдеріне дастархан жайылып, қалалық мешітінің наиб имамы Наурыз Убаев, Махамбет Мұқанғалиев уағыз-насихат айтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Тәжиден Батырұлы» мешітінің баспасөз қызметі
07.06.2019
3582
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру