Қасиетті рамазан айынан кейін күллі мұсылман қауымына қуаныш сыйлаған айт мерекесін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстаздары мен әйелдер жамағаты да айрықша дайындықпен қарсы алды.
30 күн бойы ораза тұтып, ауыз бекіткен асыл аналар мен ардақты әжелеріміз мешітке өздерінің балаларымен және немерелерімен бірге келіп, Ораза айтты шадымен шаттықпен тойлап, ерекше атап өтті.
Ораза айт намазынан кейін әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен жәрмеңке өтті.
Ұлық мерекеде балаларға түрлі тәттілер, балмұздақтар мен сусын таратылды. Әжелері сыйлаған әсем шарларға да балдырғандар мәз-мейрам болысып тарқасты.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
nurgasyr.kz
07.06.2019
3560
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру