Айттың бірінші күні «Тәжиден Батырұлы» мешітінің ұйымдастыруымен жасөспірім балаларға айттық көңіл күй сыйлау мақсатында "Екі жұлдыз" мейрамханасында дастархан жайылды.
Салтанатты шараға аз қамтылған отбасылардың және мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты.
Кездесуде сөз алған "Тәжиден Батырұлы" мешітінің наиб имамы Наурыз Ибатов: "Айт мейрамында ата-аналарымыздың, науқастардың, туған-туыстардың хал-жағдайын сұрап бару – үлкен сауап iс. Алла Тағала қасиеттi Құранда: "Аллаға сыйыныңдар, оған ештеңенi теңестiрмеңдер, ата-аналарыңа, туыс-туғандарыңа, жақын көршi (дiндегi туыстығы бар көршi), бөгде көршiге (жай ғана көршi), жан жолдастарыңа (бiрге жұмыс iстейтiндеріңе), мүсәпiрге, қол астыңдағыларға жақсылық жасаңдар", – деп балаларды айтпен құттықтап, сыйлықтарын табыстады.
Шара барысында анимациялық киімдер киген актерлер концерттік бағдарлама ұсынып, балаларды қызыққа бөлеп, қуанышты көңіл-күй сыйлады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Тәжиден Батырұлы» мешітінің баспасөз қызметі
07.06.2019
3481
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру