Исі мұсылман үшін ұлық мейрамдардың бірі Ораза айт мейрамы басталды. Алдағы үш күнде әрбір мұсылманның шаңырағында дастархан жайылып, қонақтар шақырылады. Ораза айттың алғашқы күні облыстағы барлық мешіттерде таңмен таласа айт намаздары оқылды. Маңғыстау облыстық орталық мешітте оқылған айт намазына жамағат таң намазынан кейін жинала бастады.
Намаз басталмас бұрын өкіл имам С.Сейтбеков айт намазының ерекшеліктері туралы жамағатқа уағыз айтып, айт намазын оқу әрбір мұсылман ер адамға уәжіп екенін жеткізді. Облыс әкімі атынан Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлетов Серікбай арнайы келіп, жамағатты ораза айт мерекесімен құттықтап, айт намазын оқыды. Намаздан соң хұтпа оқылып, еліміз үшін, күллі мұсылман үшін дұға жасалды.
Айтулы мерекеге орай мешіт ауласына 5 киіз үй тігіліп, жиналған жұртшылық дастарханнан дәм татып, бір-бірлерін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Кішкентай бүлдіршіндер үшін батуттар тігіліп, мешіт атынан тегін балмұздақ пен тәттілер таратылды.
Ұлттық ойындарымызды жаңғырту мақсатында жігіттер арасында қазақ күресінен, арқан тартудан, аударыспақ, асық ату, гір тасын көтеру сыңды ойындар ойнатылып, жүлделі орын алған жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
05.06.2019
2991
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру