Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Петропавлдағы Ораза айт мерекесі

СҚО өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі 05.06.2019 3182 0 пікір
Петропавлдағы Ораза айт мерекесі

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты «Қызылжар» орталық мешітінде Ораза айт күні айт намазына жамағат таң намазынан бастап жинала бастады. Айт намазының алдында қасиетті Құран Кәрім аяттары оқылып, уағыз-насихат айтылды.

Жиналған мұсылман қауымды құттықтау мақсатында облыстың әкім орынбасары Руслан Қанатхан мырза келді. Намаз оқылғаннан кейін ақсақалды аталарымыз айт мерекесімен құттықтап, жастарға батасын берді.

Зиялы қауым өкілдеріне, ақын – жазушыларға, танымал өнер өкілдеріне, мемлекеттік қызметекерлерге, мекеме басшыларына, журналистерге, кәсіпкерлерге, жалпы дін жанашырларыменен мешіт жамағатына айт дастарханы жайылды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру