Ақжайық жамағаты айттың алғашқы күні “Орал” орталық мешітіне жиналып, айт намазына қатысты. Айт намазы Оралда таңғы сағат алты отызда оқылды. Құлшылық етуге келген халықтың көптігі соншалық, қаладағы ең үлкен мешітте ине шаншар орын қалмады.
Ақжайық жұртын Ораза айт мерекесімен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Ыбырайымұлы құттықтады.
Айт намазы оқылып болған соң мешіттің ақсақалы Ғұмар Құрақов жиналған жамағатқа амандық, елге тыныштық береке тілеп, дұға жасады. Төс түйістіріп бірін-бірі құттықтаған жамағат бауырмалдықтың үлгісін сабақтастырды.
Айт намазы қала, аудан, ауыл мешіттерінде өз жалғасын табуда.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
05.06.2019
2959
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру