Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Бала қуанышы - біздің қуаныш

asyldin.kz 04.06.2019 3505 0 пікір
Тараз: Бала қуанышы - біздің қуаныш

1 маусым Балаларды қорғау күнінің құрметіне "Һибатулла Тарази" мешіті мен ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен жетімдер үйіндегі балалармен жүздесу өтті.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, аталған мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл бастаған мешіт қызметкерлері мен сектор жетекшісі Гүлжан Алдасаева бастаған ұстаздар қауымы, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі жөніндегі өкілі Ержан Аманбаев балалар үйіне арнайы барып, бүлдіршіндермен тілдесті. 

Оқуда озат болған үздік 3 оқушыға велосипед сыйға тартылды. Ал қалған балапандарға ойыншықтар таратылды. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру