Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Рамазан сыйлары

 Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 04.06.2019 2825 0 пікір
Қостанай: Рамазан сыйлары

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігі үстіміздегі жылғы қасиетті рамазан айын барынша мазмұнды әрі халықтың көкейінде ұзақ сақталатындай етіп өткізуге көп көңіл бөлді.

Соның бір жарқын айғағы ретінде облыстық мешітте Оразаның алғашқы күнінен бастап, ауызашар беру дәстүрі жалғасын тауып, қалың жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді.

Осы жұма күні 50 отбасына көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен обасыларына азық-түлік ұсынылды. Ал халықаралық балалар күніне орай 10 велосипет тәттілерімен балаларға тартылды.

Ал қасиетті Қадір түні облыстық мешіттің наиб имамы Дархан Манарбекұлына және қалалық «Жайлаубай ата» мешітің наиб имам Дархан Исламбекұлына қызметтік пәтерлердің кілтін салтанатты түрде тапсырды. Бұл төрт пәтер рамазандағы мешіт қызметкерлеріне берілген үлкен сый болды.

Қадір түнінің жоғары деңгейде өтуіне руханият жанашыры, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов пен өзге де іскер азаматтардың ұйытқы болғандығын айтып өткеніміз абзал. Үлкенді-кішілі қауым олардың азаматтық қасиеттеріне дән риза болысты.

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру