Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: «Рамазан» керуенінің шарапаты

Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі 04.06.2019 2769 0 пікір
БҚО: «Рамазан» керуенінің шарапаты

Бөрлі ауданынан "Рамазан керуені" жолға шықты. Республикалық Әзірет Сұлтан мешітінен бастау алған қайырымдылық шарасын ақжайық жамағаты жалғастырды.

Мешіт алаңына қалың жамағат, еріктілер мен белсенді жастар көп жиналып, сауапты іске бір кісідей атсалысуға асықты.

Қайырымдылық шарасының өтуіне ұйытқы болған Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қанат Жакенов. Ұлық айда 100 мұқтаж отбасыға арнап азық-түлік сөмкелерін дайындаған.

Сауапты іске атсалысуға ниет еткен автокөлік жүргізушілері алдын-ала жасалған тізім бойынша азық-түлікті мұқтаж отбасылардың үйіне жеткізіп берді. Осылайша, «Рамазан қоржындары» тиелген көлік облыс орталығындағы тұрмысы төмен отбасылардың мекен-жайларына жіберілді.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру