ҚМДБ-ның Алматы облысы, Алматы өңірі бойынша өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен республикалық «Рамазан аруы-2019» сайысы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауылдық мәдениет үйінде өтті.
Сайысқа жалпы саны 14 қызбала қатысып сұрақтар жиынтығы, қасиетті Құран Кәрімді жаттау қабілеті, Ислам діні негіздері, қолөнер және сұрақ-жауаптан өзара бақ сынасты. Қазылар алқасы «Нұр-Мубарак» университетінің мамандары, қажылық компания өкілдері және Құран Кәрім хафизаларынан құралды. Бұл жиынға ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы арнайы қатысып, жиналған әйелдер және қыздар қауымын қасиетті Рамазан айымен құттықтап, 3 умра қажылығын демеуші ретінде ұсынған «Атлас туризм», «Хикмет тревел», «Достық тревел» компания басшылығына алғыс айтып, республикалық «Рамазан аруы-2019» бәйгесінде 14 арудың арасынан озып жеңіске жеткен 3 жеңіпазға умра қажылық жолдамасын табыстады.
Бірінші 3 орынды Түркістан облысы, Жетісай қаласынан келген Оңғарбай Жанар Жорабайқызы, Қызылорда қаласынан қатысқан Айыпхан Дана Талғатқызы және Түркістан облысы, Созақ ауданынан сынаққа түскен Ақерке Рыскелдіқызы иеленді. Бұл ұлағатты іс-шараға қатысушы қызбалалардың баршасына естелік сыйлықтары берілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы өңірінің баспасөз қызметі
04.06.2019
3633
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру