Рамазан айының соңғы жұмасында "Зекет" корпоративтік қайырымдылық қорының "Ел үлесі- пәтерге" жобасы аясында Талдықорған қаласындағы кәсіпкер ағамыз Кербұлақ ауданына қарасты Жаңалық ауылының жеті балалы жанұяға үй сыйлады. Жағымды жаңалыққа жұма намазына жиналған жамағат куә болды.
Сондай- ақ, Қадір түнінің кешінде кезекті баспана да өз иесін тауып үлгерді. Біраз уақыт бұрын Қытайдан оралған Серікұлы Азамат бауырымызға Ескелді ауданы, Ақын Сара ауыл имамы мен тұрғындары сол ауылдан үй алып берді. Мұндай қуанышқа кенелген, тағдыр сынағымен мүгедектің күйін кешкен қамкөңіл бауырымыз баспаналы болуына себепкер болған барша жұртқа ыстық лебізін білдіріп, Қадір кешінде жиналған көпшілікке батасын берді.
Айта кетейік, республикалық жоба бойынша бұл сыйға берілген 65-ші және 66-шы баспана болып отыр.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Taglym.kz
04.06.2019
3053
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру