Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб Мүфти Кентауда болды

Кентау қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі 03.06.2019 3305 0 пікір
Наиб Мүфти Кентауда болды

Кентаудағы “Балаби қари” орталығының шәкірттеріне наиб мүфти Алау Әділбаев Қадір түні арнайы ат басын тіреді. Орталықтағы шәкірттерге Құран жаттаудың артықшылығы жайлы сөз етті. Қасиетті Қадір түнін Кентауда өткізген Алау Әділбаев жастарға насихат айтып, елімізге бейбіт өмір сұрады. 

Ал мешітке жиылған жамағатқа орталық директоры, РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев уағыз айтты. Қадір түнінің қайырын тілесті, көпшілік. Ғалымдардың рухани ілімінен сусындаған кентаулық жамағат  таң рауандағанға дейін тапжылмай отырды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру