Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: 4000 адамға сәресі берілді

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 03.06.2019 3117 0 пікір
ШҚО: 4000 адамға сәресі берілді

Қасиетті рамазан айының Қадір түніне жиналған қауымға Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің қос қанатына кең дастархан жайылып, 4000-нан аса халыққа сәресі берілді.

«Қадір түніне жиналған жамағат үйлеріне жеткенше бізде, шығыста таң намазының уақыты болады. Сондықтан біз сәресін әдейі ұйымдастырып отырмыз. Мешіт қызметкерлері мен шәкірттер халыққа барынша сапалы қызмет көрсетті» деді ұйымдастырушылар.

Мешітке келген жамағат облыстық мешітке, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ризашылықпен тарқасты.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру