Қасиетті Рамазан айында Өскемен аймағы өкілдігі зиялы қауымға Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ауызашар берді. Ақ дастархан басындағы алқалы жиынға Өскемен қаласында тұратын ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, облыстағы БАҚ журналистері, өнер саласының қызметкерлері, қатысты.
Ауызашарға жазушы Әлібек Қаңтарбаев, айтыскер ақын Серік Құсанбаев, аға журналист Оңдасын Елубай бастаған ел ағалары шақырылды. Шара саяси нәубет құрбандарына Құран оқумен басталды.
Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы: «Еліміздің Тәуелсіздігін нығайтуға және рухани жаңғыру аясындағы насихат шараларына зиялы қауым, Сіздердің сіңіріп отырған еңбектеріңіз зор. Сіздердің өнегелі істеріңіз, басты мұраттарыңыз жастарға үлгі. Қасиетті Рамазан айында сіздерге әдейі құрмет көрсетіп отырмыз»,- дей келе зиялы қауымға алғыс білдіріп, ізгі тілегін жолдады.
Әңгіме барысында алда жоспарланып отырған шаралар туралы да айтып өтті. Ақ дастархан басында сөз алған зиялы қауым өкілдері өкілдіктің атқарып жатқан шараларын жоғары бағалады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
03.06.2019
2885
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру