Мың айдан да хайырлы болған Қадір түні Маңғыстау облыстық орталық мешітінде жылдағы үрдіске сай жоғары деңгейде өтті. Мешіт ауласына 8 киіз үй тігіліп 600 адамға арналған ауызашар дастарханы жайылды. Құптан намазына қарай мешіттің іші мен сырты жамағатқа толды.
Өкіл имам С.Сейтбков құптан намазы алдында барша мұсылман қауымды Қадір түнімен құттықтап, осы түнді барынша құлшылықпен, Құран оқумен, дұғамен өткізуге шақырды. Тарауих намазынан соң бағдарламаға сәйкес наиб имамдар кезекпен уағыз айтып, тасбих намазы оқылды. Жамағатты сергіту, білімін шыңдау мақсатында діни сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар таратылды. Облыстық Маңғыстау телеарнасы Қадір түнін тікелей эфирден көрсетті.
Сәресі уақыты жақындағанда 1200 адамға дастархан жайылып, ораза тұтушылар мешіттен ауыздарын бекітіп, таң намаздарын өтеп, дұға жасап тарқасты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
02.06.2019
3041
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру