Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: 110 отбасыға көмек берілді

Шымкент қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі 31.05.2019 2904 0 пікір
Шымкент: 110 отбасыға көмек берілді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы "Тура жол" мешітінің имамы Тәңірберген Ергешовтың ұйытқы болуымен қайырымдылық шарасы өтті. Тізімде тұрған 110 асыраушысы жоқ, көп балалы, кембағал әйелдерге азық-түлік берілді.

Игі іске кәсіпкер Бегалы Рысбаев демеуші болды. Біраз бұрын мешіттің еденін жаңалап берген, ол, енді жамағатқа арнап бастырма салып беруге ниет білдіріп отыр. Бегалы Шералыұлы Алланың үйіне қарасып келе жатқан жомарт азамат. Қайырымдылықтың қайырын көріп келе жатқанын айтады. Көмек алған аналар кәсіпкерге ризашылықтарын білдірді.

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру