Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Жетісайда 700 отбасыға жәрдем берілді

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 31.05.2019 3315 0 пікір
Түркістан: Жетісайда 700 отбасыға жәрдем берілді

Рамазан айының құрметіне Жетісай аудандық орталық "Нұғман" мешітінің ұйымдастыруымен "Жылы жүрек - жомарт қол" атты акциясы өтті. Қайырымдылық аясында 700 жанұяның әрқайсысына 13 500 теңгенің азық-түлігі мен тұрмысқа қажетті заттар берілді. Олар көп балалы, мүмкіндігі шектеулі, күнкөріс деңгейі өте төмен адамдар мен жалғызбасты аналар.

Ай басынан бері түрлі қайырымдылық шаралары өткізуге атсалысып, қол ұшын созып жүрген жергілікті азаматтарға ауданның бас имамы Бекзат Сыздықов алғыс білдірді. Тұрақты көмекке зәру 500 отбасы тіркеуге алынды. 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру