Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Нұр Астана»: «Ummet» интернет радиосы іске қосылды

ummet.kz 30.05.2019 3038 0 пікір
«Нұр Астана»: «Ummet» интернет радиосы іске қосылды

«Нұр Астана» мешітіне қарасты «Ummet.kz» рухани-ағарту сайтында интернет радио іске қосылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Ғаламтор желісі арқылы аудиоақпарат тарататын «Ummet» радиосы тікелей эфирде жұмыс істейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты сайттардың ішінде алғашқы болып осы форматта жұмыс істейтін интернет радиодан рухани біліммен сусындай аласыздар.

Айталық, ҚМДБ имамдары мен ұстаздарының бесін, жұма уағыздарын және тақырыптық сабақтардың аудионұсқалаларын тыңдай аласыздар. Сондай-ақ, алдағы уақытта «Ummet.kz» рухани-ағарту сайтындағы танымдық мақалалардың аудионұсқалары эфирде оқылады. Интернет радионы бөлек аша аласыз, сонымен бірге біздің сайтымыз арқылы да тыңдауға болады. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру