Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Нұр Ғасырда» Құран хатым оқу аяқталды

nurgasyr.kz 29.05.2019 3467 0 пікір
Ақтөбе: «Нұр Ғасырда» Құран хатым оқу аяқталды

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде әйелдер сауат ашу курсының шәкірттері мен мешіттің әйел жамағатының қатысуымен екі бірдей ірі шара өтті.

Мешіттің наиб имамы Бейімбет Дүйсенәлі қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап, әйел кісілердің қатысуымен түсірілген Құран хатымның батасын жасады. 

Бұдан кейін Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің бас имамы Бақыт Тойшыбаев сөз сөйлеп, Ислам тарихына тоқталды. Құран Хатымның маңызы мен мұсылмандықтың 5 парызы туралы жан-жақты айтып берді.

«Нұр Ғасырдағы» әйелдер сауат ашу курсының ұстазы Кенжегүл Қошқарованың ұйымдастыруымен «Репрессия құрбандары» тақырыбында танымдық ашық сабақ өтті. Мешітте практикадан өтіп жатқан Сарыағаш медресе-колледжінің практикант шәкірттері дайындаған ашық сабақ Әнұранмен басталды. Жазықсыз жапа шеккендерді Еске алу сабағында ҚР Тәуелсіздігінің тарихы айтылып, «Репрессия құрбандары» мен ашаршылық туралы деректі бейнефильмдер көрсетілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру