Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Өкілдіктің ұсынысымен "Шырмауық" драмасы қайта қойылды

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 29.05.2019 2967 0 пікір
ШҚО: Өкілдіктің ұсынысымен "Шырмауық" драмасы қайта қойылды

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің өтінішімен Шығыс Қазақстан облыстық драма театры Б.Рамазанның «Шырмауық» драмасын көпшілікке қайталап ұсынды. Қойылым ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің «Рамазан сыйы» акциясының аясында халыққа тегін көрсетілді.

Бұл пьессада қазіргі таңдағы ең өзекті тақырыптардың біріне айналған жат ағымдар туралы баяндалады.

«Біз облыстық драма театрмен келісім жасап, тарихи және маңызды қойылымдарды діни қызметкерлерге де бірнеше мәрте тамашалаттық. Бүгінгі «Шырмауық» қойылымында жат ағымдардың зардабы жан-жақты ашылған. Өкілдік театрға арнайы ұсыныс етіп, әдейі Рамазан айында қайталап қойдырып отырмыз»,- деп атап өтті Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Даулет Қабидолдин.

Қойылым соңынан актерлерге облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ауызашар берілді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру