Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Әйелдер жамағаты арасында Құран жарысы өтті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 28.05.2019 3655 0 пікір
Маңғыстау: Әйелдер жамағаты арасында Құран жарысы өтті

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде қасиетті Рамазан айында әйелдер- қыздар секторының жетекшісі Г.Жұмағалиеваның ұйытқы болуымен әйелдер шәкірттері арасында Шәмс – Нәс сүрелері аралығында Құран жарысы өтті.

Облыс бойынша Құран жарысына барлығы 58 қыз-келіншек қатысуға өтініш білдіріп, бағын сынады. Жарыстың шарты бойынша қатысушылар билеп бойынша түскен сүрелерді жатқа айтып, сонымен қатар таңдалған сүрені тәжуид қағидаларымен ашықтап беру болатын.

Әділ қазы алқаларының шешімі бойынша I- орынды сегіз жасар Жанабаева Тұрғанай, II - орынды Үсейін Әмина, III - орынды Насыралы Оразкүл иеленді.

Жүлделі орын алған барлық шәкірттерге бағалы сыйлықтар мен марапаттау қағаздары, ал қатысқан барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру