Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Рамазан берекеті» шарасы жалғасуда

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 27.05.2019 3201 0 пікір
ШҚО: «Рамазан берекеті» шарасы жалғасуда

ҚМДБ Өскемен аймағының «Зекет қоры» және Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» «Рамазан берекеті» қайырымдылық акциясының аясында мешіті көпбалалы тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық жасады.

Бұл жолғы ізгілік шарасы Өскемен қаласының сыртындағы «Шығыс» кенті тұрғындары үшін ұйымдастырылды. «Рамазан берекеті» шарасында 100-ге тарта отбасыға азық-түліктің және тұрмысқа керекті заттардың көмегі көрсетілді.

Осы шара туралы Өкемен аймағының «Зекет» қоры бойынша жауапты қызметкері Аманбол Қуатұлы: «Шығыс кентіндегі аз қамтылыған отбасыларыға Рамазан айында көмек ретінде азық-түліктің қайырымдылығын жасап отырмыз. Бұл сіздерге қасиетті Рамазан айының берекетті сыйы» деп атап өтті.

Қайырымдылық шарасына қамтылған отбасылар өз ризашылықтарын жеткізді.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру