Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Қарттар үйіне қайырымдылық 

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 27.05.2019 3743 0 пікір
ШҚО: Қарттар үйіне қайырымдылық 

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті мен «Зекет» қоры Ұлан ауданы Таврия мекеніндегі «Хоспис» мекемесіндегі қарттарға қайырымдылық көмегін ұйымдастырды. Бұл шара «Рамазан керуені» акциясының аясында жасалды.

Акция барасында имамдар тобы аталған мекемедегі қарттардың көңілін сұрап, жағдайларымен танысып, олармен әңгімелесіп, қайырымдылығын көмегін тапсырып қайтты.

«Хоспис» мекемесінің басшылығы: «Облыстық мешіт әр кез мекемеге қарайласып, қол ұшын беріп тұрады. Бүгін міне, өте бір сауапты іске бастамашы болып отыр. Мешіт ұжымына осындағы қариялар да шексіз риза»,- деп шынайы алғысын білдірді.

«Қайырымдылық және ақпарат-насихаттық бағытындағы «Рамазан керуені» алдағы уақытта басқа да әлеуметтік мекемелермен аудандарға ұйымдастырылады»,- дейді облыстық «Халифа Алтай» мешітінің шараға жауапты қызметкері.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру