Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Кәріс азаматы ауызашар берді

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз хатшысы 23.05.2019 3429 0 пікір
ШҚО: Кәріс азаматы ауызашар берді

Шығыс Қазақстан облысы, Күршім аудандық орталық мешітінде Ким Эдуард есімді кәріс азаматы 250 адамға ауызашар берді.

Ақ дастархан басында К. Эдуард сөз сөйлеп: «Адамгершілік құндылықтар барша адамзатқа ортақ асыл қасиет. Барлық адам тек ізгіліктің жаршысы болуы тиіс деп ойламын. Исламдағы имани құндылықтар адам баласына үлкен өнеге» дей келе, бауырмал, қонақжай қазақ ұлтын сыйлап, дәстүрлі исламды құрметтеп ауызашар беріп отырғандығын жеткізді.

Күршім ауданының бас имамы Тілейбек Соянұлы ауызашар дастарханын жайған Ким Борисұлына мешіт жамағаты атынан алғыс білдірді. Аузашарға жиналған халыққа әдеттегідей тегін такси қызмет көрсетті.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру