Орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті Павлодар қаласы әкімдігі, ҚМДБ «Зекет» корпоративтік қайырымдылық қоры және Павлодардағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне спорт залын салу туралы жарнамаланған билбордтарды Павлодар қаласының Естай және Пахомов көшелерінің қиылысына орналастырды.
Зекет туралы билбордта «Мал дүниеңізге Алла Тағала берекет берсін!» деп жазылып, зекетке қатысты сұрақтар болса, Қайырбаев-107 де орналасқан орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітіне хабарласуды ескертіп, «Зекет» қорының вебсайты және байланыс нөмірлері көрсетілген.
Ал «Әбу Бәкір Сыддық» медресесі туралы билбордта аталмыш мекеменің ғимараттары бейнеленіп: «Ұрпақтарымызды имандылыққа тәрбиелеп жатқан медресемізге көмек көрсетейік!»: «Болашақ спорт залдың осы жерге қадасы қағылды» деп жазылып байланыс нөмірлері, мекен-жайы жазылған.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
mazhab.kz
23.05.2019
4182
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру