Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында бесінші пәтер кілті табысталды.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 20.05.2019 3641 0 пікір
Маңғыстау: «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында бесінші пәтер кілті табысталды.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық Миғраж мешітінің бас имамы Руслан Баймуканов және «Үммет жастары» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында кәсіпкер жандардың қаржылай қолдауымен Атабаева Кенжегүл есімді жалғыз басты анаға бір бөлмелі үйдің кілті табыстады.

Пәтер кілтін табыстауға өкіл имам С.Сейтбеков арнайы келіп, пәтердің кілтімен қоса құжаттарын табыстап, қуаныштарына ортақтасты.

Қайырымды жандардың қолдауымен үйлі болған жалғысбасты ана көмек қолын созған және осы жобаны ұйымдастырған барша жандарға алғысын білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру