Қасиетті айда Сыр еліне арнайы сапармен келген ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Түркістан қаласындағы кеңсе басшысы Алау Әділбаев «Рамазан – мейірімділік айы» қайырымдылық акциясына қатысты.
Акцияда көмек алуға келген жандарды мүбарак Рамазан айымен құттықтаған наиб мүфти Алау Шайқымұлы:
«Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің арнайы тапсырмасымен бастау алған қайырымдылық шараларының негізгі мақсаты – берекелі айда мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетіп, қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау»,-дей келе мешіт қызметкерлерінің әрдайым көмек беруге дайын екендіктерін жеткізді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі және «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткізілген шарада қала мешіттеріне тіркелген әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 200 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
ҚМДБ-ның Сыр өңіріндегі өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы қасиетті айдың құрметіне ұйымдастырылған мейірімділік акциясының жұма сайын өткізіліп жатқанын және де өз жалғасын таба беретінін хабарлады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
18.05.2019
3348
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру