Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда тағы бір көп балалы анаға үйдің кілті табысталды

azan.kz 18.05.2019 3107 0 пікір
Алматыда тағы бір көп балалы анаға үйдің кілті табысталды

Кеше, көптеген игі шаралар мен қайырымдылық істердің басы-қасынан табылып, өзінің қолы ашық жомарттығын дәлелдеп жүрген Жамал апамыз Алматы қаласы маңынан көп балалы анаға үйдің кілтін табыстады.

Жамал апамыз Алматы қаласының бас имамы Еркінбек қари Керімбекұлынан Орталық мешіттің тіркеуінде тұрған әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың тізімін алып, ішінен бес баласы бар жалғыз басты анаға үш бөлмелі үй тосын сый ретінде тарту етті. Осы ретте өкіл имам сөз алып қасиетті рамазан – қайырымдылықтың айы екенін, бұл айда біздің көптеп сауапты амалдар жасап қалуға асығуымыз керек екенін айтты.

Сондай-ақ, бір отбасыға қуаныш сыйлап отырған Жамал апаға ризашылығын білдіріп, жақсы іске мұрындық болғандарға Алладан игілік тіледі. Мұндай тосын сыйды күтпеген көп балалы ана Алматы қаласы Орталық мешіті жанындағы «Ихлас» қорының кезекті қайырымдылық шарасына келгенін, бірақ маған үй берілетінін білмедім деп көз жасына ерік берді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру