Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістан: Зекет насихаты нәтиже бере бастады

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 14.05.2019 2828 0 пікір
Түркістан: Зекет насихаты нәтиже бере бастады

Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі жүргізген сауалнамаға жауап берген респонденттердің көпшілігі зекет не, тіпті садақа екеуінің аражігін ажырата алмайтын боп шыққан-ды. Содан бері барлық мешіттерде халықты парыз амалын орындауға шақыру шаралары жүргізілді. Кәсіпкерлер палатасымен біргелікте 7 ауданда семинар-тренинг өткізілді. Әркім өз кәсібінің ақысын қалай беруге болатынын сұрап, оларға арнайы анықтама кітапшалары тарту етілді. Бұдан бөлек облыста алғаш рет зекет малдарын қабылдайтын ферма ашылды. Енді әр ауданда база дайындалмақшы. 

Облыстық мешітте "Рамазан - мейірімділік айы" тақырыбымен зекет жетекшілерінің жиыны өтті. Мұсабек Ақтамберді "30 күнге 30 іс-шара" жоспарымен таныстырды. Сондай-ақ, қаржылық және ақпараттық ашықтықты қалыптастыру, қайырымдылық шараларын ұйымдастыру, зекет төлеуші қауымға ыңғайлы жағдай жасау, үздіксіз насихат жүргізу жайы сөз болды. Облыс имамы зекет жетекшілерін адал әрі тынбай еңбек етуге шақырды.

Жиын соңында өңіріміздің ең үздік зекетшісі өкілдіктің алғыс хатымен марапатталды. Бұл абыройға "Зекет" қорының еңбегімен танылған қызметкері Отырар аудандық бөлімінің жетекшісі Мақсат Ергубеев лайық деп танылды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру