Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«РАМАЗАН СЫЙЫ» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ (ФОТО+ВИДЕО)

«Қалқаман-2» мешітінің баспасөз қызметі 14.05.2019 3507 0 пікір
«РАМАЗАН СЫЙЫ» АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ (ФОТО+ВИДЕО)

Қасиетті рамазан айында Алматы қаласы Наурызбай ауданы «Қалқаман-2» мешіті «Ниет» қайырымдылық қорымен бірлесіп, «Рамазан сыйы» атты акциясын өткізді.

Акцияның негізгі мақсаты – көпбалалы ата-аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларын қолдау, оларға күнделікті тұрмысқа қажетті заттар мен жаңа киім-кешектер тарату. Іс-шара барысында 50 отбасына қайырымдылық пакеттері тарту етілді.

«Рамазан – қайырымдылық пен мейірімділіктің айы. Қасиетті айда сауаптар еселеніп жазылады. Осы мақсатта көпбалалы ата-аналар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларын қолдау үшін арнайы «Рамазан сыйы» акциясын ұйымдастырдық. Мақсатымыз – рамазан айында әр отбасына қуаныш сыйлау. Аталмыш қайырымдылық шара алдағы уақытта да жалғасын табады», – деп атап өтті «Қалқаман-2» мешітінің Бас имамы Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру