Оралда ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Е.Қарақұлов пен Орал қаласы Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы М.Абдрахманов соғыс ардагері Қайыржан Байменовты мерекемен құттықтады.
«Ислам мен бейбітшілік екеуі – егіз ұғым. Дінімізде ешкімді алалау, шеттеу жоқ. Ел тыныштығын, дін татулығын қашанда қолдаймыз. Үлкенді сыйлау, құрметтеу дін мен дәстүріміздің біте қайнасқан тұсы. Сондықтан да, өздеріңіздей көнекөз қарттарымыздың саулығын тілейміз!», – деді бас имам Еркебұлан Ыбрайымұлы.
96 жасқа келген ақсақал, соғыс ардагері Қайыржан Байменов кешегі қиын-қыстау заманнан естелік айтып, елдің сол кездегі ынтымақ-бірлігі мен қайрат-қажыры жайында сыр шертті. Қария бейбіт күніміздің бұзылмауын, еліміз бен жеріміздің, дінаралық таулықтың бүлінбеуін тіледі.
Жүздесуден кейін ақсақалға естелік сыйлық табысталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Тәжиден Батырұлы мешітінің баспасөз қызметі
09.05.2019
2752
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру