Талдықорған қаласы, Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі залында Рамазан айына орай брифинг болып өтті. Брифингке ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы және қалалық "Нұр" мешітінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Орта Азия мүфтилер кеңесімен бірлесе отырып, биылғы 2019 жылғы Рамазан айының басталуы 6 мамырға дәл келетіні туралы шешім қабылдады» - дей келе, өкіл имам Ардақ Нүсіпханұлы Рамазан айындағы оразаның тәртібі, пітір садақа мөлшері, ауызашар тәртібі және басқа да ораза қатысты БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
«Барлық иісі мұсылман баласын қасиетті де құрметті айдағы ізгі істерді одан әрі күшейтуге шақырамын. Зиянды істерден, тұлға мен қоғамға залалы тиетін істерден қашық болуға, нағыз мұсылманның бойынан табылатын салиқалы амалдарды орындауға барлықтарыңызды шақырамын» - деді брифинг барысында өкіл имам.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
taglym.kz
30.04.2019
3156
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру